АҚШ Ресейге жаңа санкциялармен сес көрсетті

0
74
дереккөзден

Құрама штаттар Мәскеудің Башар Асад режимін қолдағаны үшін Ресейге қосымша санкциялар салмақ ниетте. АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли хабарлағандай, дүйсенбіден бастап «сириялық компаниялармен ынтымақтастығы бар» ресейлік компаниялардың бір тобы санкцияға түсуі мүмкін, деп жазады Euronews.

Осы жылдың қаңтар айының соңында АҚШ Қаржы министрлігі Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді. Кеңейтілген тізімге 21 жеке тұлға мен 21 ресейлік ұйым енді.  Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қаржы министрлігі Конгресс назарына «Кремль баяндамасын» ұсынды, онда 210 кісінің есімі бар. ТАСС таратқан ақпарға сәйкес, АҚШ «Кремль тізіміне» ресейлік 114 ірі шенеунік пен мемлекеттік компаниялардың басшысы, сондай-ақ 96 олигархтың есімі енгізілді.

Өз кезегінде, Ресей АҚШ-тың санкцияларына қарсы шара ретінде Вашингтонмен атом, зымыран-қозғалтқыш және әуе кемелері құрылысындағы халықаралық ынтымақтастықты жоюға ниетті екендерін жеткізді.

Бұдан өзге Ресей билігі елді жекешелендіру ісіне америкалық компаниялардың араласуына тыйым салмақ ниетті екендері хабарланады. Сонымен қатар Ресей билігі елді жекешелендіру ісіне америкалық компаниялардың араласуына тыйым салады. Мемлекеттік Думада хабарланғандай, АҚШ-та өндірілетін IT өнімдерін Ресейде тұтынуға да тыйым салу қарастырылуда. Бұдан өзге Дума депутаттары АҚШ азаматтарының Ресейде жұмыс істеуін шектеу туралы ұсыныс тастады.

Сафина Саид

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз