Қазақстан Сирия мәселесінде халықаралық құқықты бұзбауға шақырды

0
59

Нью-Йоркте Ресейдің бастамасымен Сириядағы жағдайға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өткізіліп, онда БҰҰ-на мүше елдер Сирияға жасалған соққына талқыға салып, өз ұстанымдарын білдірді. Отырыста ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Ермекұлы Омаров тараптарды халықаралық құқықты сақтап БҰҰ-ның Жарғысы бойынша әрекет етуге шақырды.

Қайрат Омаров, ҚР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі: Қазақстан химиялық қару қолдануды қатаң айыптайды. Сондай-ақ, қос тарапты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықты бұзбауға шақырады. Аталған шабуыл мәселесінде әлемдік пікірлерінің екіге жарылып отырңанына алаңдаушылық білдіреміз. Думадағы химиялық шабуылды әділ, тыңғылықты әрі жан-жақты тексеру маңызды. Бұл әлем қауымдастығына қаруды қолданып халықаралық құқықты бұзушыларға әділ үкім шығаруына мүмкіндік береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз