Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Astana Media Week аясында өңірлік БАҚ форумының ашылу салтанатына қатысты.
Astana Media Week медиа саласы үшін көлемді шара екенін атаған министр аталған медиа апталықты дәстүрлі түрде өткізу ең маңызды мәселерді талқылап, міндеттерді шешуде орасан зор рөл атқаратын алға тартты.
Сөз барысында Дәурен Абаев мемлекеттік және аймақтық БАҚ арасындағы ынтымақтастықтың жаңа формасы туралы баяндады.
– Жақын арада Министрлік тарапынан мемлекеттік телеарналар мен Өңірлік Медиа Альянс арасындағы ынтымақтастық туралы төртжақты келісім бекітіледі. Осы құжаттың негізінде Альянс аймақтық телеарналардың өтінімдерін әзірлейді және талдайды және көрсетілімге уақытша құқық беру туралы үрдісін үйлестіреді, – деп мәлімдеді Д. Абаев.
Оның айтуынша, «Хабар» және «Қазақстан» өнімдерінің төлемі таза символдық сипатқа ие болады.
«Бүгін өтінім парақтарын толтырып, қажетті өнімдерді көрсете аласыз. «Хабар» Агенттігі мен «Қазақстан» РТРК ішкі ережелеріне сәйкес осы тауарларға символдық төлем, мысалы 1 мың теңге, алынады. Немесе өзара есеп туралы келісім жасалады», – деп Министр атап өтті.
Бұдан өзге БАҚ өкілдерінің біліктілігін арттыру мәселесінде сөз қозғаған Д. Абаев, Қазмедиа орталығында біліктілікті арттыру бойынша семинарлар өтетін медиамектеп бар екенін алға тартты. «Министрлік өз біліктілігін арттыруды қалайтындарға әртүрлі қолдау көрсетеді. Біз өңірлік БАҚ-пен жаңа сапалы деңгейде жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз», деп түйіндеді Д. Абаев.
Сабина Сайлаубай