Елбасы МГИМО түлектерімен кездесті

0
77

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) түлектерін қабылдады. Кездесуге Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкунов, ERG компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Паттох Шодиев, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қатысты, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев МГИМО мәртебесінің ерекше екенін, оның дипломаттар мен сыртқы саясат ведомстволары қызметкерлері арасындағы беделінің жоғары екенін атап өтті.

– Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты үнемі көпшілік білім алуға ұмтылатын айрықша оқу орны болды. Жастарымыз қазір де сонда оқығанды қалайды. Біз Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтымен және Астанада филиалы бар Мәскеу мемлекеттік университетімен тиімді байланыстар орнаттық, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті мемлекетаралық диалогты нығайту мәселесіне тоқталып, дипломатиялық кадрларды Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысына тарту қажеттігін айтты.

Кездесуге қатысушылар Астанада өтіп жатқан Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты түлектерінің IV халықаралық форумының ауқымдылығы мен оның елдеріміз арасындағы дипломатиялық байланыстарды күшейтудегі рөлін атап өтті.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз