Қырғыз вице-премьері жол апатынан қаза тапты

0
58
ашық дереккөзден алынды

Бүгін таңертең Қырғыз Республикасының вице-премьері Темір Жұмақадыров жол-көлік оқиғасында қаза тапты. Бұл туралы қырғыз құқық қорғау органдары хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, трагедия Бішкек-Қара-Балта тас жолында 36 шақырым жерде орын алған.

Республикалық сайлау штабын басқарған Жұмақадыров сайлау учаскелерінің дайындығын  тексеру мақсатында  Таласқа жол тартқан. Ол мінген жол талғамайтын көлік тіркемесі бар КамАЗ-бен соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, вице-премьермен бірге оның көмекшісі мен жүргізушісі көз жұмған.

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Темір Жұмақадыровтың қайтыс болуына байланысты оның отбасына көңіл айтты.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз