Тегін кәсіптік-техникалық білім енді қолжетімді болмақ

0
140

Елбасы тапсырмасымен 2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы басталған болатын. Жобаның іске асырылуы мен маңызы, мақсаты жайында орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы өтті.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов пен Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаментінің директоры Балтабай Қаппасовтың қатысуымен өткен бифингіде аталмыш жоба егжей-тегжейлі талқыланып, білім алушылар мен оқуға түсуге өтініш білдірушілердің жай-күйі, жобаның басқа өңірлердегі хал-ахуалы сөз болды.

Екі бағыттан тұратын «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы аясында қазіргі таңда 21,3 мың адам білімін жоғарылатуда. Сонымен қоса 100815 адам ТжКБ оқу орнына қабылданды.

Сондай-ақ бағдарлама шеңберінде студенттердің біліктілігін арттыру мақсатында қысқа мерзімді курстар жүргізілетін болады. Қазіргі таңда 39,5 мың адам қысқа мерзімді оқытуға жіберілді. Студенттермен қоса 5 мың 200 мұғалім, оның ішінде 300 колледж директоры біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

ТжКБ оқу орындарына ЖОО түспеген және жұмыс іздеген 9-11 сынып түлектері мен 29 жасқа дейінгі барлық жұмыссыз азамат өтінім арқылы қабылданатын болады.

Айта кетер жайт, жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға кәсіптік-техникалық білім беру барысында қолайлы жағдай жасалған.

Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов «ТжКБ колледждерінде 100мыңға жуық студенттің 60% мүмкіндігі шектеулі, отбасылық жағдайы төмен, ата-анасы жоқ немесе көп балалы отбасынан шыққан балалар. Оларға сапалы білім беруден бастап басшылық жатақхана мен тамағы және степендиясын қамтамасыздандырады. Қызметтің 320 қаулысына сәйкес ата-анасы жоқ балаларға кезектен тыс жатақхана берілу мәселесі мен тамақтануы, жағдайына орай степендиясының көлемі, баланың киім-кешегінің берілуі қазіргі таңда қарастырылып жатқан мәселе», – деп мәлімдеді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз