Астанада “ақылды қалалар” жайлы VIII жаһандық саммит басталды

0
153

10 қазан күні Елордадағы Тәуелсіздік сарайында ЮНВТО-ның  “Ақылды қалалар – Ақылды дестинациялар” VIII жаһандық саммиті басталды.

Саммитке 1400 делегат қатысып жатыр, оның ішінде 80 мемлекеттен 400 шетелдік делегат қалған 15-і әлемнің ірі қалаларының басшысы.

Саммитке қатысушы делегаттар Елорда әкімі Алтай Көлгіновпен.

Саммиттің ашылуына Қазақстан Үкіметі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің басшығы, UNWTO-ның бас хатшысы Зураб Пололикашвили қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен Дүниежүзілік туризм ұйымының Бас хатшысы Зураб Пололикашвили

Жаһандық саммиттің өтуі Қазақстан астанасының дамуына жаңа серпін беріп, туристік орталық ретінде танылуына мүмкіндік береді дейді әкімдіктегілер.

12 қазанға дейін созылатын Саммит жұмысына шетелдік танымал кәсіпкерлер, сәулетшілер, журналистер мен туристік ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр.

Күн тәртібінде “Ақылды қалалар және туризм” тақырыбында кездесу өткізіліп, декларация қабылданады. Сонымен қатар, ақылды бағыттар туралы панельдік пікірталастар өтеді.

UNWTO – 1975 жылдан бастап қызмет ететін БҰҰ жүйесіндегі беделді  туристік ұйым.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз