Тоқаев әнші Тамара Асарды Ақордаға арнайы шақырды

0
342
Әнші Тамара Асар ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Тамара Асармен кездесті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

“Мемлекет басшысы белгілі әнші Тамара Асарды қабылдап, еліміздегі мәдениеттің қазіргі жағдайын талқылады. Президент Тамара Асарға шығармашылық табыстар тіледі”, – делінген Ақорда таратқан ақпаратта. 

Белгілі әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парағында Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы шақырғаны үшін алғыс айтты.

“ҚР президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың қабылдауында болдым. Ресми қабылдауға арнайы шақырылғаныма, шын жүректен қуаныштымын. ҚР президентінің маған артқан сенімімен тапсырмаларын орындауға тырысамын, жасалған құрметке бас иемін, үлкен рахмет!!! Басым жерге жеткенше “ӨНЕР” атты өзім сүйген майданның адал жауынгері болуды бұйыртсын – деп тілек тіледім…”, – деді ол. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз