ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі шұғыл және уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды заңнамалық түрде енгізуді ұсынды. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын таныстыру барысында мәлімдеді.
Жеміс ағаштары күйігінің зияндылығы тез таралғандықтан, ол өте қауіпті екенін алға тартқан вице-министр аталған ауру түрі көгалдандыру үшін қауіпті екенін атады. Экономикалық шығын бұл тұрғыда егін жинау және жеміс ағаштарының опат болуы нәтижесінде әрі зиянкестенген ағаштарды жоюға жұмсалатын шығындар барысында көрінетіні айтылды. Вице-министрдің айтуынша, бүгінгі күні бактериялар күйігінен зиян шеккен аумақ 979 гектарды құрайды. Осы орайда карантиндік объектілердің жаңа түрлерінің таралуын болдырмау және карантиндік фитосанитариялық талаптарды бұзу үшін заң жобасы төтенше және уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды енгізуді ұсынады. Вице-министрдің мәлімдеуінше, шұғыл шаралар Қазақстан Республикасының аумағында карантиндік объектілерді алғаш рет немесе жаңадан анықталған тұтануды дер кезінде оқшаулауға және жоюға мүмкіндік береді.
Қ. Айтуғанов мәлімдегендей, аталған организмдерге қарсы оқшаулау шараларын жүргізу үшін бюджеттен қосымша қаржы ресурстарын бөлу қажет болды, бұл аталған организмдерді шектелген карантиндік объектілердің ұлттық тізіміне енгізуге мүмкін бермеді. Тізімге тиісті өзгерістер енгізу үшін келісім және бекіту біраз уақытты қажет етеді, бұл қызметті тиімді жүзеге асыру мерзімдерін кешіктіреді.
Вице-министрдің сөзінше, бұл өсімдік ауруларының жаппай таралуына әкеп соқты. Өз кезегінде, 2014 жылдан бастап 416 гектардан бактериялық күйікке шалдығып жатқан бақшалардың ауданы 979 гектарға дейін өскен.
Сабина Сайлаубай