Путин Президент сайлауына қатысатынын жариялады

0
69

РФ Президенті Владимир Путин 2018 жылы наурыз айында өтетін президенттік сайлауға қатысатынын «ГАЗ» зауытының 85 жылдығын атап өту шарасы кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

1999 жылдан бері Ресей Федерациясын басқарып келген Владимир Путин 2017 жылы сайлауға түсу туралы сауалдарға жауап бермей келген болатын.

Нижний Новгородтағы «ГАЗ» зауытының 85 жылдығын атап өту рәсімінде Ресей президенті Владимир Путин президент сайлауына қатысуға ниетті екенін білдіріп «Қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Мен президенттікке үміткер ретінде өз кандидатурамды ұсынатын боламын», деп мәлімдеді.

65 жастағы саясаткер 13 жыл президет, төрт жыл премьер-министр болып қызмет атқарды.

2018 жылы президент сайлауына қатысуға ниет білдірген тележүргізуші Ксения Собчак, «Яблоко» партиясының жетекшісі Григорий Явлинский, ЛДПР төрағасы Владимир Жириновский мен бизнесмен Сергей Полонский сайлауға дайындығын жалғастыруда.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз