Белгілі әншілер «Жыл таңдауына» қатысудан бас тартты

0
112

«Ninety one» тобына қатысты кезекті дау.

Отандық эстрада жұлдыздары «Жыл таңдауы» атты ең үздік ән фестиваліне «Ninety one» тобы қатысатын болғандықтан бас тартып отыр, деп хабарлайды жоба жетекшісі Жан Мұқанов MuzZone арнасына берген сұхбатында.

Музыкалық бәйгеге қатысудан бас тартқан әншілердің айтуынша, олар, үлгісі «бір түрлі» жігіттермен бір сахнады көрінгісі келмейді.

Продюсер Жан Мұқанов «Бұл – үлкен жоба. Фестивалдағы ең маңызды нәрсе ол – ән. Байқауда әншілер танымал әндерін жанды дауыста орындайтын болады. Байқауда он бірдей жүргізуші болады. Дегенмен Ninety one қатысады екен деп жобадан бас тартқан елге танымал бірнеше әнші бар. Мұны дұрыс деп есептемеймін. Жігіттердің үлгісі сахналық оброз және ол жастарға ұнауда. Біз олардың жолын жапқан сайын, жастар керісінше оларды көре береді», дейді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз