Қазақстан 2017 жылғы 24 қарашада Мысырдың Бир әл-Абд қаласында әл-Рауда мешітіндегі жұма намаз кезінде орын алған және еш кінәсіз бейбіт халық арасында көптеген адамның өмірін қиған террористік актіні қатаң айыптайды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Әлем тағы да терроризм әрекетіне куә болды, оның ұйымдастырушылары мен сүйемелдеушілері анықталып, қатаң жазалануы тиіс.
Мысыр үкіметіне, қаза тапқандардың отбасы мен туыстарына шын көңілден шынайы көңіл айтамыз және жарақат алғандарға тезірек сауығып кетуін тілейміз.
Қазақстан терроризмнің кезкелген түрі мен сипатын айыптай отырып, осы жауыздық әрекетке қарсы күресу үшін БҰҰ аясында Ғаламдық контртеррористік коалиция құру арқылы әлем қауымдастығының ұжымдасып,батыл қимылдауын құптайды. Біз Халықаралық терроризм жөніндегі жалпыға ортақ конвенцияны жедел түрде қабылдауға шақырамыз.