Мысырда лаңкестік жарылыстан 305 адам қаза тапты

0
94

Мысысрды тарихындағы халықты дүр сілкіндірген  ең ірі терракт. Лаңкестер қолынан қаза тапқан жазықсыз жандар.

24 қараша, Африка құрлығының солтүстік-шығысын және Синай түбегін алып жатқан Мысыр Абар Республикасының Синай провинциясында лаңкестер шабуыл жасап, жұма намазында мешіт ішінде ойран салды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес мешітке 30-ға жуық лаңкес шабуыл жасаған. Қылмыскердің бірінде “ИГИЛ” лаңкестік тобының туы болғаны расталды. Куәгерлердің айтуынша мешіттің бір бөлігінде жарылыс болған кезде, мешіт ішіне жиырмаға жуық жанкешті баса көктеп кіріп адамдарға оқ жаудыра бастаған. Сондай-ақ, жарылыстан кейін мешіт сыртына шыққан тұрғындарға лаңкестер көлікпен жүріп оқ атқан.

Би Би Си орыс тілді ақпараттық агенттігінің  мәліметіне сәйкес Эр-Роудта болған лаңкестік шабуыл салдарынан қаза тапқандардың саны 305-ке жетіп, 130-дан астам адам ауыр жарақаттанған. Қаза тапқандардың ішінде балалар да бар. Жапа шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуына қарағанда қаза болғандардың саны артуы мүмкін, себебі жарақаттанғандардың арасында халі мүшкіл жандар көп.

Мысырдың қарулы күштері лаңкестерді ұстау мақсатында барлық күшретін жұмылдырды. Қазіргі уақытта Мысыр қарулы күштері  шабуылға қатысы бар 15 радикалды жойды.

Мысыр Араб Республикасының президенті Абдель Фаттах-ас-Сиси Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше кездесуінде

«Шабуылға қатысы барлардың барлығы «жылдам әрі шешуші» түрде жазаланатын болады. Әділеттілік бұл қылмысқа қатысқан, қолдау көрсеткен және күштеп жіберген немесе қаржылай қолдағандардың барлығына қол жеткізеді»,

– деп мәлімдеді.

Соңғы құлшылық

Жұма күні екі «джип» автокөлігін тізгіндеген лаңкестер Синай түбегінің солтүстігі эр-Роудада орналасқан эль-Ариш қаласының орталығындағы ең ірі мешіттердің біріне аттанды.

Мешіт жамағатының құлшылығын аяқтауын күткен террористер мешіттің бірнеше жеріне жарылғыш заттарын орналастырып үлгерген.

Топқа бөлініп шабуыл ұйымдастырған лаңкестердің мұздай қаруланған бір бөлігі мешіт ішінен абдырап шыққан халықты  тыста қарсы алды.

Куәгерлердің айтуынша шошынған халық мешіт табалдырығынан далаға қарай беттей бергенде, өздеріне сенімді қылмыскерлер адамдарды қырып салады.

Ешқайда асықпай, аса сабырлылық танытқан олар, жедел жәрдем көлігі келіп жеткенде медбикелерге де оқ жаудырған.

Террористер мақсаттарын өзгертуде

Сарапшылардың айтуынша, бұл терракт актісі Мысыр тарихында алғаш рет Ислам дінін желеу етіп алған лаңкестік топтар тарапынан жұма күнгі намаз уақытында мешітте жасалған ең ірі шабуыл болып отыр.

Бүгінге дейін Мысырдағы террористердің негізгі мақсаттары әскери полиция нысандары мен мысырлық хрестиандарға шабуыл жасау болатын. Дегенмен бұл шабуыл құрбандарының басым бөлігі – мұсылмандар.

Эр-Рауд мешіті

Эр-Раудтың Эль-Ариш қаласында орналасқан бұл мешіт Синай түбегінің солтүстігіндегі ең үлкен мешіттердің бірі. Эль-Ариш қаласынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан Эр-Рауд мешіті жергілікті халықтың арасында өте танымал. Күніне жүзден аса адам келетін мешітте шабуыл орын алған кезде 500-ден астам мұсылман болған.

Мысыр елінің басшысы Абдель Фаттах әл-Сиси бұйрығымен елде үш күндік аза тұту күні жарияланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз