Қазақстан-Қырғызстан шекарасынан өтуге шектеу қойылған жоқ – ҰҚК шекара қызметі

0
106
ашық дереккөзден алынды

Мемлекеттік шекараның барлық периметрі бойынша оның ішінде қазақ-қырғыз учаскісінде жоспарлы шекаралық операция жүргізіліп жатыр. Бұл туралы  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Аталған операцияның мақсаты шекара кеңістігінде заңға қайшы әрекеттердің, террористік, контрабандалық және өзге де қылмыстық іс-қимылдың жолын кесу, шекаралық режимнің және көші-қон заңнамасының сақталуын қадағалау болып табылады. Осыған орай шекарадан өтетін тұлғаларды, көлік құралдары, жүктер мен тауарларды тексеру күшейтілді.
Сонымен бірге шекараны өтуге қандай да бір шектеулер мен тыйымдар салынған жоқ. ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелері және әскери қызметкерлерінің іс-әрекеті Қазақстан және шетел азаматтарының құқықтары шектелмей, қатаң заңнама шеңберінде іске асырылуда», – деп мәлімдейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Қазақстан-Қырғызстан шекарасында орын алған ұзақ кептеліске байланысты мәлімдеген қырғыз тарабы оны Қырғызстанда өтетін сайлауға байланысты мемлекеттік шекараның режимі күшейтілгенімен байланыстырған болатын.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз