“Паң жүріс, өткір көзқарас” – Д. Акопян Елбасы турасында

0
125
FACEBOOK-тан

Давид Акопян есімді фотограф Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше форматтағы фотосуретін жариялады.

Суретке “Nazarbayev” деп жазып, оны фотограф өзінің әлеуметтік желідегі (Facebook) парақшасында бөлісті. Суретте Елбасы өзге мемлекет басшыларының ортасында алдыңғы қатарда тұр. Аталған сурет әлеуметтік желіде таралысымен бірден үлкен қызығушылық тудырып, желі қолданушылары тарапынан мақтауға ие болды.

Фотограф өзі Нұрсұлтан Әбішұлының «паң жүрісі (статный) мен өткір көзқарасы»суретті жандандырды деген пікірде деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сонымен қатар Д. Акопян Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты «ТМД Ақсақалы» деп атаған.

Атап өтерлігі, Давид Акопян  Армения президентінің жеке фотографы.  Акопянның жұмыс барысында Қазақстан басшысының көп фотосуреттері жинақталған, бірақ өзінің айтуынша аталған сурет ең креативті әрі әдемі.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз