АҚШ ЮНЕСКО құрамынан кететінін хабарлады

0
61

Америка құрама штаттары (АҚШ) ЮНЕСКО ұйымынан кететіні жайлы хабарлады. РИА Новости.

АҚШ-тың ЮНЕСКО-дан кететіні жайындағы шешімі 2018 жылдың 31 желтоқсанында күшіне енетін болады.  Дегенмен Вашингтон ұйымдағы бақылаушы дәрежесін сақтай отырып, кейбір маңызды мәселелер бойынша АҚШ-тың перспективалары мен сараптамаларын дамытуға үлес қосатын болады.

Мемлекеттік депортаменттің өкілі Хезер Науэрт шешім қабылдаудың оңайға соқпағанын және бұл ұйғарымның АҚШ-тың ЮНЕСКО ұйымына берешегінің өсіп жатқандығына алаңдаушылық білдіруінің көрінісі екенін ескертті.

ЮНЕСКо жетекшісі Ирина Бокова Вашингтон тарапынан жасалған ерекше қадамға өкініш білдіре отырып,  Вашингтон 2011 жылдан бері ұйымға қаржылық қолдауын тоқтатқаннан кейін ЮНЕСКО АҚШ үшін маңыздылығын жоғалтты және ЮНЕСКО үшін АҚШ та маңызды болудан қалды», деп мәлімдеме жасады.

АҚШ тарапынан жасалған бұл шешім Кремльді де бей-жай қалдырмады. АҚШ-тың ЮНЕСКО-дан бас тартуы Кремльде «қайғылы жаңалықтар» деп аталды.

ЮНЕСКО Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) білім, ғылым және мәдениетке жауапты мамандандырылған мекемесі болып табылады. Ұйым 1945 жылы құрылған. Құрамы екі жүзден астам мемлекеттерден тұратын ұйымның штаб-пәтері Парижде орналасқан.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз