Бақыт Сұлтанов туралы не айқын

0
79

Бүгін 11 қыркүйекте мемлекет басшысының бұйрығымен бұған дейін қаржы министрінің қызметін атқарған Бақыт Сұлтанов Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов 1971 жылы Алматыда дүниеге келген. Отбасылы, екі ұл, бір қызы бар. Ана тілінен өзге, ағылшын және орыс тілдерін меңгерген. Қазақ ұлттық техникалық университетін (1994) “Робот техникалық кешен және жүйелер” мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейіннен Қазақ мемлекеттік басқару академиясын “Бизнес және менеджмент” біліктілігі бойынша аяқтаған.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1994 жылы ҚР Қаржы министрлігінде қаржы нарығындағы құнды қағаздарды Басқарудың акционерлеу және лицензиялау бөлімінде жетекші экономист қызметінен бастаған. 1995-2002 жылдары  бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Бюджет департаменті директорының орынбасары, Мемлекеттік сатып алу бойынша департамент директоры, Қазынашылық департаменті директорының орынбасары, Бюджет департаменті басшысының орынбасары, ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік бюджет департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2002 жылдан 2003 жылға дейін ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің бюджет саясаты және жоспарлау Департаментінің басшысы лауазымын атқарды.

2006 жылдан 2007 жылға дейін ҚР статистика агенттігінің төрағасы, 2007 жылдың тамыз айына дейін ҚР қаржы вице-министрі қызметін тізгіндеді.

2007 жылдың тамызынан 2010 жылға дейін ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі лауазымын атқарды. 2010 жылдың наурызынан 2012 жылға ҚР президентінің көмекшісі болды.

2012 жылдан 2013 жылдың қарашасына дейін ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болды. 2013 жылдан 2014 жылдың тамызына дейін ҚР премьер-министрінің орынбасары лауазымын атқарды. Б. Сұлтанов қаржы министрі болып 2013 жылы тағайындалған еді, 2014 жылдың сәуіріне аталған лауазымға қайта сайланды. Осылайша, 2014 жылдың сәуірінен 2018 жылдың тамызына дейін Сұлтанов ҚР қаржы министрі лауазымын тізгіндеді.

Бұдан өзге Сұлтанов 2016 жылы “Нұр Отан” партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына ұсынылды.

Марапаттары

2012 жылы “Парасат” орденімен марапатталды. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), “Астанаға 10 жыл” (2008), “Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне алғыс” (1999) «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) мерейтойлық медальдарімен марапатталған. 2001 жылы ҚР Президентінің алғыс хатына ие болса, 2005 жылы ҚР Премьер-министрінің алғыс хатын алған.

Әскери қызметі мен атағы бойынша – запастағы лейтенант.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз