11 қыркүйектегі жойқын лаңкестік жарылысқа – 17 жыл

0
552
дереккөзден

Оқиға бет-алысы

2001 жылдың 11 қыркүйегінде ресми деректерге сәйкес, 19 араб содыры Логан, Даллес және Ньюарк әуежайынан көкке көтерілген 4 азаматтық ұшақты басып алған. Бортта шамамен 265 адам болған.

Сағат 8:46-да содырлармен басып алынған American Airlines әуе компаниясының ұшағы Манхэттэннің оңтүстігінде Нью-Йоркте орналасқан Дүниежүзілік сауда үйінің Солтүстік мұнарасын жарып өтті. Сағат 9:03-те United Airlines әуе компаниясына тиесілі содырлармен басып алынған екінші ұшақ Дүниежүзілік сауда үйінің Оңтүстік мұнарасына келіп соғылды. Жергілікті сағат 9:37-де American Airlines әуе компаниясының ұшағы Вашингтондағы Пентагон ғимаратының батыс бөлігіне шабуыл жасады.

REUTERS/Sara K. BEST

Сағат 9:59-да отқа оранған мұнаралардың бірі жерге опырылып түсті. 10:03-те Пенсильвания штатының орталық аумағында United Airlines әуе компаниясының ұшағы жерге құлады. Сағат 10:28-де ДСО-ның екінші мұнарасы жерге құлады.

Құрбандар

дереккөзден

2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған сұмдық лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар турасындағы ақпарды АҚШ билігі 2002 жылы жариялады. Онда 80 мемлекеттің 2819 азаматы қаза тапқан. 6000 адам түрлі деңгейдегі жарақат алған. Ресми мәліметтер бойынша, егер жергілікті өрт сөндіру қызметі мен полиция шапшаң қимылдамағанда, құрбандар саны бұдан да көп болуы ықтимал еді. Комиссия ақпарына сәйкес, жанып жатқан мұнаралардан 30 мың адам құтқарылған. Статистика комитеті ДСО-ға (Дүниежүзілік сауда орталығы) жұмысқа күніне 55 мың адам келсе, туристер саны 150 мың адамнан асқандығын хабарлайды. Ал екі мұнараны жарған қос ұшақта болған 157 жолаушы көз жұмған. Апатты ауыздықтауға кіріскен өрт сөндірушілер мен құқық қорғау органдарының 343 қызметкері ажал құшқан. Тек 1102 құрбанның мәйіті ғана ДНК сараптамалары арқылы танылған.

Қаза тапқандардың орта жасы – 40.

дереккөзден

Пентагонда болған лаңкестік шабуылдан 184 адам қаза тапқан: 120 адам әскери ведомства қызметкерлері, 64 адам ұшақтағы жолаушы мен экипаж мүшелері. 44 адам Пенсильвания аумағына құлаған ұшақтан қаза тапқан.

11 қыркүйектегі лаңкестік шабулыдан қаза тапқандардың жалпы саны – 2 983 адам. Ресми емес ақпарға сәйкес, қаза тапқандар саны 3000 адамнан асады.

Сондай-ақ, апатты ауыздықтауға ат салысқан қызметкерлердің 1400-і келесі күні көз жұмған деген де ақпар бар.

Жауапкершілік.

11 қыркүйектен кейін жаһандық БАҚ-та лаңкестік әрекет соңында Усама бен-Ладен тұр деген ақпар тарады. Шабуылдан кейін бірнеше сағаттан соң Федералды Тергеу Бюросы күдікке ілінген лаңкестердің есімін атады. Әуежайда тұтқындалған Мұхаммед Аттының жүгі American Airlines бортына тиелмеген. Жүкте ірі лаңкестік шабуылға қатысы бар 19 содырдың жеке басын анықтайтын құжаттар болған. Лаңкестік орын алған күні ұлттық қауіпсіздік агенттігі мен неміс барлау қызметі Усама бен-Ладенді айыпты қылып тапқан бірнеше хат-хабарды қолға түсіреді. Түптің-түбінде жауапкершілік – “Әл-Қайда”* (ҚР аумағында тыйым салынған лаңкестік топ) лаңкестік ұйымына түседі.

Содырлар

Ресми ақпарларға сәйкес, 19 содыр ұшақ бортына көтерілген: бес-бесеуден – 11 American Airlines пен 77 American Airlines, 175 United Airlines пен 77 American Airlines рейстеріне, төртеуі 93 United Airlines рейсіне мінген. Содырлардың он бесі Сауд Арабиясының азаматы, екеуі Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматы, біреуі – Мысыр, біреуі – Ливан азаматы болған.

Бұл ірі лаңкестік әрекеті болғаннан бері АҚШ-та лаңкестікке қарсы төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай міне 17 жыл бойы жалғасып келеді. Бүгін АҚШ басшысы Д. Трамп төтенше жағдайды тағы созатындарын, себебі лаңкестік қаупінің әлі де сейілмей тұрғандығын мәлім етті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз