Қазақстан мен Ресей ер адамдардың суицид жасау әрекеті бойынша көш бастап тұр

0
135
дереккөзден

Қазақстан, Ресей және Литва Еуропалық аймақта ер адамдардың суицид жасау әрекеті бойынша көш бастап тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросы ресми сайтының ақпарына сәйкес, әлемде жыл сайын шамамен 800 мың адам өз еркімен өз-өзіне қол салады.

Әрбір 40 секунд сайын жаһанда суицид жасалады. ДДС (Дүниежүзілік денсаулық сақтау) ұйымының ақпарына сәйкес, жер шарының 100 мың тұрғынының 11-і өз-өзіне қол салып, көз жұмады. Қазақстан енетін  ДДС Еуропалық бюросы елдерінде бұл көрсеткіш жоғары, 100 мың адамның ішінен 13-і өз-өзіне қол жұмсап, қаза табатыны хабарланады. Оның ішінде 100 мың адамның 20-сы ер адамдар екендігі айтылады.

“Өз-өзіне қол жұмсау жаһан бойынша 15-29 жас аралығындағы жастардың өмірден ерте үзілуінің кезекті себебінің бірі. Бұл жағдайдың 78 % әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейі нашар мемлекеттерде орын алады”, – деп хабарлайды ДДС ұйымы.

Бұдан өзге түрлі елдерді суицидке психологиялық ауру, ішімдік әрі депрессия түрткі болатыны да айтылады.

Қазақстанда ең соңғы тіркелген суицид ісі осы жылдың тамызында болды. Астана қаласының тұрғыны сот орындаушысы оның кафесін бұзғызуға келген сәтте атылып қалған.

Елде балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид азайып келеді. 2017 жылы елде 136 бала өз-өзіне қол жұмсаса, 104 бала “111” көмегіне жүгіну арқылы аман қалған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз