Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Керемово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда орталығында шыққан өрт салдарынан азаматтардың қаза табуына байланынсты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті: «Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін».
Еске сала кетейік, Ресейдің Керемово қаласында «Зимняя вишня» сауда ойын-сауық орталығында өрт шығып, салдарынан 45 адам көз жұмды. Тілсіз жаудан жалпы саны 82 адам зардап шегіп, 64 адам іс-түссіз жоғалған.