БҰҰ: «Түркиядағы төтенше жағдай режимі адам құқықтарына қайшы»

0
85
A Turkish military stands guard near the Taksim Square in Istanbul, Turkey, July 15, 2016. REUTERS/Murad Sezer TPX IMAGES OF THE DAY - RTSI74I

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы «Түркияда 2016 жылы мемлекеттік төңкеріс әрекетінен кейін енгізілген төтенше жағдай адам құқықтары мен бостандығының нашарлауына алып келді», деген баяндаманы жария етті, деп хабарлайды «Московский Комсомолец» («МК») басылымының түрік жаңалықтары қызметі.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, баяндамада «Түркия тарапы ұстанған төтенше жағдайдың ұзаққа созылуы заң үстемдігі мен адам құқықтарының нашарлауының жалғасуына әкеп соғады», делінген.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы Анкараға «тез арада» төтенше жағдай режимін тоқтатып, мекемелердің қалыпты жұмысын және заңның үстемдігін қалпына келтіруді, сонымен қоса үкіметке заңнамалық және сот тармақтарының тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті реформаларды жүргізуді ұсынды.

Түркияда 2016 жылдың шілде айында болған төңкеріс әрекетінен кейін төткенше жағдай режимі жарияланып, оның мерзімі бірнеше мәрте ұзартылған болатын. Әскери төңкеріс әрекетінен кейін кем дегенде 152 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды. Осы кезеңде үкімет алған (құқықтық негізі жоқ) арнайы шешімдермен 120 мыңға жуық азаматқа қатысты сот ісі басталды. 600-ге жуық білікті адвокаттар қамауға алынып, 1719 түрлі ұйым қызметін тоқтатты. 166 медиа-құрылым таратылды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы «Гүлен қозғалысымен байланысы бар оқытушылар мен академиктердің жаппай жұмыстан қуылуы білім беру секторына айтарлықтай кері әсерін тигізеді», деп санайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз