АҚШ жастары қарудың еркін айналуына наразы

0
138
Reuters

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) бір қатар қалаларында жүз мыңдаған жас-жеткіншек қару-жарақ айналымы туралы заңнаманы күшейтуді талап етіп, наразылық акциясына шықты.

Associated Press ақпарат агенттігі таратқан ақпарға сәйкес, бұл – Вьетнамда болған соғыстан кейінгі жастар бастамашы болған ең ірі наразылық акцияларының бірі.

Reuters

«Біздің өміріміз үшін марш» деген атау мен басталған наразылық акциясы АҚШ-тың ірі қалаларында болды. Нью-Йорктің өзінде шамамен 170 мың адамның көшеге шыққандығы аталады, деп жазады lenta.ru.

Reuters

Марш қатысушылары биліктен қару-жарақ айналымына қатысты заңды күшейтуді талап етті. Атап өтерлігі, құрама штаттарда қару-жарақты қолдану салдарынан қайғылы жағдайлар жиі болады. Мәселен, осы жылдың ақпанында Флорида штатында 19 жасар бір түлек оқыған мектебінде AR-15 қаруынан 17 адамды атып өлтірді. Сондай-ақ, жасөспірімнің бұл бассыз әрекетінің салдарынан 14 адам жарақат алды.


АҚШ 1965-1973 жылдары аралығында Вьетнамға басып кірге болатын. АҚШ-тың ірі қалаларында болған наразылық акцияларынан кейін билік өкілдері қарсылық білдірген жастардың талабына құлақ асып, Оңтүстік-шығыс Азиядағы басқыншылық әрекетін тоқтатуға мәжбүр болған еді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз