Йеменнен ұшырылған зымыран Эр-Риядқа бағытталған

0
172
дереккөзден

Сауд Арабиясы Йемен тарабынан ұшырылған 7 зымыранның алдын орады.

“Al-Arabia” телеарнасы таратқан ақпарға сәйкес, коалициялық топ Йемен аумағынан Сауд Арабиясына қарай бағытталған жеті зымыранды тізгіндеген. Аталған жеті зымыранның үшеуі корольдік астанасына эр-Рияд қаласына қарай бағытталғаны анықталды.

Барлық зымырандар тізгінделіп, соққыға ұшырауы салдарынан зымыран сынықтары тұрғын үйлерге құлаған, деп жазады mk.ru. Алдын ала таралған деректерге сәйкес, тұрғын-жайларға құлаған зымыран қалдықтарынан 1 адам көз жұмған.

Бұған дейін Сауд Арабиясы билігі Йемен аумағындағы бүлікші-хуситтар тарапынан ұшырылған снарядтардың алдын алғандарын хабарлап, Тегеранды бүлікшілерге қару-жарақ жеткізді деп айыптаған еді. Тегеран аталған айыптауларды жоққа шығарды. Йемендегі үкіметтік құрылымдар мен хуситтар арасындағы қақтығыс 2014 жылдан бері жалғасып келеді.

Cафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз