Каталонияның тәуелсіздігі үшін күрес

0
136

Каталонияның бұрынғы президенті Карлес Пучдемон неміс полициясы тарапынан қамауға алынды. Бұл туралы рlainnews.ru сайты хабарлайды. 

Экс президентті қамалуына Еуроодақтың қамауға алу туралы бұйрығы негіз болды.

Өткен жұма Испания Жоғарғы соты Пучдемонға және оның жақтастарына қарсы қылмыстық іс қозғады. Бұл тергеу ісі желтоқсан айында Каталония президентін қамауға алу туралы уақытша тоқтатылған бұйрықтың қайта жандандануына себеп болды.

Испания Жоғарғы сотының бұйрығымен Каталонияның экс президенті «мемлекеттік қаражатты жымқырды» және «көтеріліс ұйымдастырды» деген айыппен 30 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Қазіргі таңда экс-басшы солтүстік Германиядағы Ноймюнстер түрмесінде. 

Карлес Пучдемон Германияда қамауға алынғаннан кейін Каталония тұрғындары наразылық шеруіне шықты. Барселонада мыңдаған адам көшеге шығып, неміс елшілігінің алдына жиналды. Олар «Еуропа ұятқа қалды!», «саяси тұлғаға бостандық бер!» ұрандарымен Пучдемон мэр болған Жирона қаласында да наразылық білдірді. Каталония шенеуніктері Пучдемон сотталғаннан кейін жаңа басшы Джорджи Турулланы президенттікке ұлықтау рәсімінен бас тартты.

Жағдайды бақылауында ұстаған Каталония Төтенше жағдай комитеті наразылық салдарынан 100-ге жуық адамның жапа шеккенін, оның ішінде елуге жуығы құқық қорғау органдарының қызметкерлері екенін хабарлаған.

Еске салайық, қазан айында Каталония парламенті Испаниядан бөлініп шығып, өз тәуелсіздігін жариялаған болатын. Содан бері Пучдемон Бельгияда қашып жүрген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз