«Үстем патша»

0
73

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинннің бейнесі Time журналының сыртқы мұқабасына жарияланды. Сурет баспаның сайтында шықты.

Мұқабада іскер киімде әрі басына тәж киген кейіпте бейнеленген Ресей басшысына «үстем патша» деген айдар тағылған. Сыртқы мұқабаға сәйкес, журналдың басты тақырыбы ресейлік журналист Михаиль Зыгардың «Как Владимир Путин планирует остаться на вершине» атты мақаласы болатыны айқын. Аталған сан сатылымға 2 сәуірде шығуы тиіс.

Атап өтерлігі, Time журналының 4 нұсқасы бар: америкалық, Еуропаға арналған нұсқа, Таяу Шығыс пен Африка үшін, Азия-Тынық мұхиты елдері үшін. Ресей президентінің портреті америкалық нұсқадан өзге баспалардың барлығының мұқабасында жарияланады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз