Мысырда президент сайлауы

0
76
Reuters

Мысыр Араб республикасында президент сайлауы басталды. Сайлаудың алғашқы кезеңі 26-28 наурыз аралығында өтеді.

Қазіргі ел президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси жеңістің тұғырында көш бастап тұр, деп жазады РИА Новости. Сайлаудың нәтижесі 2 сәуірде жарияланады.

Сисидің қарсыласы кәсіпкер әрі атағы жер жарған «Әл-Гэд» партиясының басшысы – Мұса Мұстафа Мұса. Бірқатар шетелдік сарапшылар Мұса Мұстафаның жеңіске жетуі неғайбыл екенін айтады. Мұса Мұстафа өз кандидатурасын ұсынғанға дейін Сисидің сайлау алдындағы штаб қызметкері болған.


Мысыр қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы 63 жастағы Әбдел Фаттах ас-Сиси 2014 жылы президенті болып сайланды. Сисидің президенттігі тұсында бірқатар шаралар қабылданды: негізгі тауарлар мен қызметтердің құны өсті (соның ішінде жылу және жарық), мемлекеттік дотациялар қысқарды. Ұлттық валюта фунт стерлинг «қара нарыққа» шықты. Ал банктілердің валютамен қамтамасыз етілуі валюта резервінің едәуір артуына түрткі болды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз