Путин Қытайға мемлекеттік сапармен бармақшы

0
109
дереккөзден

Ресей Федерациясы (РФ) президенті Владимир Путин Қытай Халық Республикасына (ҚХР) мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы дүйсенбіде Ресей Сыртқы істер министрлігі (СІМ) хабарлады, деп жазады ТАСС агенттігі.

СІМ хабарлағандай, 27-28 наурызда ҚХР президентінің арнайы өкілі, елдің Сыртқы істер министрлігі басшысы Ван И Ресейге мемлекеттік сапармен келеді. 28 наурызда қытайлық министр ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен келіссөз жүргізеді. Екеуара кездесулерде РФ президентінің Қытайға мемлекеттік сапары мен осы тұрғыдағы екі жақты қатынастар басты назарда болады, деп хабарланады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз