Босқындардың мәселелерімен айналысатын «Action contre la faim», «CARE International», «Халықаралық құтқару комитеті», «Данияның босқындар ісі жөніндегі кеңесі», «Босқындардың Норвегиялық Кеңесі», «Балаларды құтқару» секілді халықаралық гуманитарлық ұйымдар сириялық босқындардың отанына оралуына әлі ерте екендігін мәлімдеді.
Бұл туралы дүйсенбі күні Еuronews хабарлайды.
Баяндама авторларының айтуынша, Сирия әлі де күрес жалғасып жатқандықтан қауіпті ел болып саналады. Осыған дейінгі соғыс салдарынан жойылған инфроқұрылым тұрғындарға лайықты тұрмыс жағдайын қамтамасыз ете алмайды.
Сондай-ақ, құжатта «Елде зорлық-зомбылық, атыс-шабыс, адамзаттың өміріне төнетін қауіп қатердің әлі күнге дейін басылмағандығына қарамастан, жүз мыңдаған босқындар 2018 жылы Сирияға қайтып баруды талап етуде», – делінген.
Мәлімдемені хабарлаушылар отанында тұратын босқындардың жіберілуіне шағымданған елдердің үкіметтері мен бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады.
Арслан Али