Голландия Түркиядағы елшісін ресми түрде қайтарды

0
72
дереккөзден

Голландия сыртқы істер министрлігі Түркиядағы елшісін ресми қайтару туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, өткен уақытта Түркия мен Голландия аталған мәселені түрлі деңгейде талқылаған. Дегенмен, бұл кездесулер екіжақты қарым-қатынасты тұрақтандыруда еш нәтиже бермеді.

Еске салсақ, Голландия елшісі Түркиядан өткен жылдың наурызында кеткен болатын. Дегенмен, Голландия формальді түрде Анкарадағы елшісін ресми қайтару туралы шешім шығарды. Голландия тарабының ресми құжатында Түркияда Голландия елшісі болмағандықтан, Голландия тарабы жаңа түрік елшісінің елге келуіне рұқсат берілмейтіндігі айтылады.

Дипломатиялық дау

Атап өтерлігі, Түркия мен Голландия арасындағы диломатиялық жанжал 2017 жылдың наурызында ушықты. Голландия билігі қауіпсіздік мақсатында Түркия Республикасының екі министрінің елге кіруіне кедергі жасады. Бұдан өзге Түркия сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мінген ұшақтың Голландияға қонуына рұқсат берілмеді, отбасы және әлеуметтік саясаттар министрі Фатма Бетүл Саян Каяға Голландия тарапынан депортация жасалды.

Жауап ретінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған голландықтарды ұлтшыл деп атап, тез арада кешірім сұрауды талап етті, әрі Голландияға қарсы ең қатал шараларды қолданатынын алға тартты. Бұл шешімнің бір көрінісі, сол сәтте демалыста жүрген Голландияның Түркиядағы елшісінің қызметіне қайта келуіне тыйым салынуы еді.

Сафина Ахтай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз