Қазақстан мен Тәжікстан қауіпсіздік мәселесінде консультация өткізді

0
71
ашық дереккөзден

Қазақстан мен Тәжікстандағы экстремизм мен терроризм мәселелері Ақордада талқыланды. Тараптар Ауғанстандағы әскери-саяси жағдайды және осы өңірден туындайтын қауіп-қатерлерге қарсы тұру шараларын талқылады деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов пен Тәжікстан Рсепубликасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әбдурахым Каххаровтың Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің аппараттары арасында жоспарлы консультациялар өтті.

Іс-шараға сонымен қатар екі елдің мемлекеттік органдарының басшылары мен жоғары лауазымды тұлғалары қатысты. Кездесу барысында лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы әріптестікті нығайту, заңсыз көші-қонға қарсы тұру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, тараптар Ауғанстандағы әскери-саяси ахуалды және осы өңірден туындайтын қауіп-қатерлерге қарсы тұру шараларын талқылады. Бұдан өзге, В.Жұмақанов трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Тараптар ақпарат қауіпсіздігі саласында тәжірибе алмасуға, сондай-ақ екі елдің сарапшыларының жұмыс кездесулерін өткізуді ұсынды.

Талқылауды ескере отырып, Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі қабылданған бірлескен шешімдерді жүзеге асыру бойынша әрі қарайғы практикалық қадамдар туралы келісті.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз