Ел құрамасы Бакуде өткен әлем чемпионатынан жүлдемен оралды

0
94

Грэпплингтен Қазақстан құрамасы Әзербайжанда өткен әлем чемпионатынан үшінші орынмен оралды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның грэпплинг федерациясының президенті Қанат Алин «Чемпионат 13-21 қазан аралығында Баку қаласында өтті. Нәтижесі өте жақсы. Грэпплингтен ұлттық құраманың алдына қойылған мақсатқа қол жеткіздік. Бүгінде біздің қоржында 17 алтын, 11 күміс және 15 қола медаль бар. Спорттың бұл түрі елімізде енді дамып келе жатыр. Соған қарамастан ел құрамасы Азия елдерінің ішінде алдынғы қатарда»,- деп мәлімдеді.

Бұған қоса Қ.Алин алдағы уақытта ел аймақтарында балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту жоспарда бар екенін айтты. Сондай-ақ қосымша спорттық залдар ашу мен спорттық щаралар өткізу көзделген.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз