Ұлттық банк Ыбырай Алтынсаринның құрметіне арнайы күміс монета шығарды

0
94

Ұлттық банк 25 қазан күні қазақ халқының ағартушылық тарихында ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсаринның құрметіне айналымға арнайы күміс монеталар енгізді. Бұл туралы банкінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазақстанның бейнелеу өнері» монеталар сериясымен айналымға шыққан 500 теңгелік «Ы. Алтынсарин» естелік монеталары 925 сынамалы күмістен жасалды. Массасы – 31,1 грамм, тік бұрышты, 35х45 мм көлеміндегі монета «proof» сапасында дайындалған және 3 мың даналық таралыммен шықты.

Ағартушы, ұстаз, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринға  арналған монетаның дизайнын Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші-монументалист В. Твердохлебов басшылығындағы суретшілер дайындады. Алтынсарин монетада мозаикалық панно түрінде бейнеленген.

Коллекциялық құны бойынша сатуға арналған, «Proof» сапасымен жасалған естелік монеталар елдің бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті. Қазақстанның барлық банкілерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз