Д.Трамп бүкіл әлем үшін қауіпті – Рейган

0
72

АҚШ-тың бұрынғы президенті Рональд Рейганның ұлы Рон Рейган қазіргі президент Дональд Трамптың жоғары лауазымды атқара алатынына күмән келтіріп, оның әлем үшін қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Рон Рейган АҚШ-тың қазіргі басшысы Дональд Трампты «терең жарақаттанған адам» деп атап, оны биліктен алып тастау керек деген пікірін білдірді.

Сондай-ақ MSNBC арнасына берген сұхбатында «Бұл адам бүкіл әлем үшін қауіпті», деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Республикалық сенаторы Боб Коркер, Дональд Трамп басқа елдерге қауіп төндіре отырып «үшінші дүниежүзілік соғысқа апаратын жол ашуы мүмкін» деген болатын.

Сонымен қоса Американдық саясаткерлер мен кәсіпкерлер бірнеше рет Трамптың орнынан кетуін талап еткен еді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз