Трамп АҚШ-та төтенше жағдай жарияламақ

0
28
ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп есірткіге байланысты елде төтенше жағдай жариялауға ниетті екенін айтты.

«Келесі аптада есірткіге байланысты төтенше жағдайды жариялауға ниеттімін. Апиынмен қорқынышты төтенше жағдай», – деп мәлімдеді Fox Business арнасына берген сұхбатында АҚШ президенті Д. Трамп деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, Құрама штаттардағы есірткі таралуы мәселесін тоқтату үшін Мексикамен шекараға «қабырға тұрғызу» қажет.  Трамп заңсыз иммиграциядан қорғану үшін Мексика шекарасында «қабырға тұрғызуды» уәде етті.

Соңғы 25 жылда АҚШ-та жасанды апиындарды қолдану шамамен жылына үш есе өсті – жыл сайын 200 миллионнан астам рецепт шығарылған. 2014 жылы Ұлттық есірткіге тәуелділікті зерттеу институтының бағалауы бойынша, АҚШ-та синтетикалық апиындарға тәуелді 2 миллионнан астам адам, героинге тәуелді адамдардан 5 есе көп болған.

Тамыз айында Трамп апиынға тәуелділікпен күрес бойынша кездесу өткізіп, алдын-алу шараларын нықтау керектігін айтты.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз