Қазақстан мұнай Одағы компаниясы шығаратын KAZSERVICE ақпараттық-сараптамалық журналы “Қазақстан мұнай-газ саласындағы ең ықпалды тұлғалар елулігін” жария етті.
Басылым ақпарына сәйкес, аталған рейтингті құрастыруға Қазақстанның мұнай-газ және мұнай қызметі саласындағы мамандар тартылған. Сарапшылар қатарында журналистер, аналитиктер, консалтингтік агенттік қызметкерлері, сондай-ақ ірі компания өкілдері бар.
Осы жолы long-list-ке (ұзақ тізім) 73 ықпалды тұлға енген. Тізім кәсіпкерлер, мұнайшы ардагерлер мен мемлекеттік құрылымдағы қызметкерлер, мұнай өндіретін компания жетекшілерінен тұрады.
Рейтингді құрастыру барысында жергілікті нарыққа аталған компаниялардың экономикалық ықпалының әсері есепке алынған. Бұдан өзге компания құны, мұнай өндіру нарығындағы құны, бюджетке төленетін салығы, білікті мамандардан тұратын штаты, үміткердің атқарар қызметі, сала аясында компанияның әлеуметтік және экономикалық өсімі де бақылауда болған.
Сонымен, рейтингтің алғашқы ондығын қазақстандық бизнесмен, қоғам қайраткері, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы президумының төрағасы, Тимур Күлебаев, энергетика министрі Қанат Бозымбаев, “ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясы” АҚ бірінші вице-министрі Сауат Мыңбаев, ҚР энергетика министрлігі бірінші вице-министрі, “Теңізшевройл” ЖШС кеңесі Төрағасы, “Қарашығанақ ҚМГ” ЖШС бақылау кеңесі төрағасы, Махамбет Досмұхаметов, энергетика министрлігі жауапты хатшысы Қанатбек Сафинов, энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов, Мағзұм Мырзағалиев, Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы президумы мұнай-газ өндірісі комитеті төрағасы Данияр Абылғазин, “KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешендер ұйымдары қауымдастығы” Заңды Тұлғалар Бірлестігі бас директоры Әсет Мағауов және Қарашығанақ жобасын жасақтаушы «PSA» ЖШС басшысы Мұрат Жүребеков бастады.
Сафина Саид