Ким Чен Ыннан АҚШ билігіне үндеу

0
89
дереккөзден

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Пхеньянда кездескен Оңтүстік Кореяның арнайы өкіліне өтініш айтып, ел президенті Мун Чжэ Ин арқылы АҚШ билігіне хат жолдады.

Жаһан Пхеньян қадамын толық бағаламады – Ким Чен Ын

РИА Новостидің Кореяның жергілікті ақпарат агенттігі Ренхапқа сілтеме жасай отырып, таратқан ақпарына сәйкес, Солтүстік Корея басшысымен кездесуден кейін оңтүстік кореялық арнайы өкіл Ким Чен Ынның Корей түбегін денуклеаризациялауда әлеует жоқ деген АҚШ-тың берген бағасымен келіспейтіндігін алға тартады. КХДР (Корей Халық Демократиялық Республикасы ) басшысы Пхунгери полигонын жою елді жаңа ядролық сынақтар өткізетін мүмкіндіктен толықтай айырғанын айтқан. Ким Чен Ынның сөзінше, халықаралық қауымдастық Пхеньянның жасаған қадамын толыққанды бағаламаған.

Бұдан өзге Ким Чен Ын Корей түбегіндегі жағдай тұрақтанып, АҚШ басшысы Д. Трамптың президенттік лауазымдағы мерзімі мәресіне жеткенге дейін (2021 жылдың қаңтары) КХДР-дың АҚШ-пен қарым-қатынасының қалыпқа келетіндігіне сенім білдірген.

АҚШ-КХДР қатынасы

Трамп пен Ким Чен Ын кездескен тарихтағы алғашқы АҚШ-КХДР саммиті 12 маусым Сингапурде өтті. Кездесу нәтижесінде Трамп КХДР-мен “нақты” құжатқа қол қойғанын, ал Корей түбегін денуклеаризациялау “тез арада” басталатынын алға тартты. Солтүстік Корея басшысы кездесу қорытындысы бойынша алда “жаңа өзгерістер” күтеді деп мәлімдеген еді. Дегенмен, кейіннен Корей түбегін денуклеаризациялау шараларының жүзеге асырылмағандығы туралы хабар тарады, бұл өз кезегінде Трамптың қарсылығын тудырған еді.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз