Қытай Қазақстан мен Ресейден газ жеткізу көлемін арттырады

0
134
дереккөзден

Қытай жақын арада Қазақстан мен Ресейден табиғи газ жеткізу көлемін арттыруға ниетті. Бұл туралы China News Service агенттігі ҚХР энергетика ісі бойынша мемлекеттік басқарудың жауапты өкіліне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Бұдан өзге Қытай елге табиғи газ импортын әртараптандыруға ынталы.

“2017 жылы Қытай 94,6 миллиард кубометр табиғи газ импорттаған, Орталық-азиялық газ өткізу құбыры мен Қытай-Мьянма газ өткізу құбыры арқылы Түркіменстаннан, Өзбекстаннан, Мьянмадан импорттаған. Жақын күндері Қазақстан мен Ресейден газ импорттау көлемі ұлғаятын болады “, – деп хабарлайды агенттік басқарма өкіліне сілтеме жасай отырып.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз