Кемеровода сұрапыл өрт: Зардап шеккендердің саны 53 адамға жетті

0
77

Ресей Федерациясының (РФ) Төтенше жағдайлар министрлігінің бірінші вице-министрі Владлен Аксенов: «Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда үйінде шыққан өрттен қаза тапқан адамдардың саны 53-ке жетті», – деп мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігі мәлімдеді. 

Сонымен бірге ресми дереккөздер өрттен 82 адамның зардап шеккенін, 64 адамның із-түссіз жоғалып кеткенін, олардың ішінде балалардың да бар екені хабарлады.

Оқиғаға байланысты РФ Қылмыстық Кодексінің 109, 219, 238-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта Қысқы мұнарадағы өртке қатысы бар деген күдікпен үш адам қамауға алынды. Ұсталғандардың арасында сауда үйінің директоры Надежда Судденок бар. Қазір одан тергеу комитеті жауап алып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз