Түркияда 2016 жылы 24 мың кісі азаматтықтан бас тартқан

0
186
дереккөзден

2016 жылы Түркияда жалпы есепте 24 мың 545 адам азаматтықтан бас тартқан, ал 14 мың 194 адам Түркия азаматтығына өткен. Бұл туралы Түркияның Ішкі істер министрлігі халық және азаматтық бойынша Бас басқарамасы хабарлайды.

Басқарма ұсынған 2016 жылғы ақпаратқа сәйкес, Түркия азаматтығына ие болғандардың басым бөлігі – сириялықтар (3 мың 429 адам), ал ең азы – қытайлықтар (62 адам).

Өз кезегінде түрік азаматтығынан бас тартқандардың басым көпшілігі, атап айтқанда – 20 мың 692 адам, Германия азаматтығына өткен.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз