Конституция әлеуеті озық дамыған отыз елдің қатарына кіруге қызмет етеді – Н. Назарбаев

0
133
дереккөзден

28 тамызда ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Конституция: құқық үстемдігінің, азаматтық қоғамның жəне қазіргі заманғы мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

ҚР Конституциясы күніне арналған форумды Конституциялық Кеңес ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорымен бірлесіп, Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының және ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің қатысуымен өткізді, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Іс-шараға парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, Ресей, Түркия, Болгария, Латвия, Грузия және басқа да елдердің конституциялық бақылау органдарының, сот және құқық қорғау мекемелерінің басшылары, халықаралық ұйымдардың, Қазақстанның ғылыми қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ таяу және алыс шетелдердегі құқық саласының сарапшылары қатысты.

Г.Әбдіқалықова конференцияға қатысушыларға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді. Онда 1995 жылы қабылданған Конституция Қазақстан мемлекеттілігі дамуының іргетасын қалағаны, адам құқықтары мен бостандықтарын бекемдегені атап өтілген. Халықаралық қоғамдастық мойындаған қазақстандық қоғам дамуының бірегей моделі қоғамдық келісім мен тұрақтылық, экономикалық даму және Қазақстан халқының ортақ тағдыры туралы конституциялық ережелердің қалтқысыз сақталуы арқасында мүмкін болды.

Құқық үстемдігі, Конституцияның биік мәртебесі, заң билігі – Қазақстанның бүгінгі таңдағы табысты дамуының және оның заманауи әлемде лайықты орынға ие болуының аса маңызды мәселесі. Қазіргі Конституцияның әлеуеті Қазақстанның одан әрі дамуына және әлемнің озық дамыған отыз елінің қатарына кіруіне ұзақ жылдар қызмет ететініне кәміл сенемін, – делінген президент  құттықтауында.

Конференцияға қатысушылар сөйлеген сөздерінде Қазақстанның конституциялық құрылымындағы мемлекет басшысының аса маңызды рөлін атап өтіп, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауды жүзеге асыру, сондай-ақ Астананың қалыптасу және даму мәселелерін талқылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз