Путин 15 генералды қызметінен босатты

0
98
дереккөзден

РФ президенті Владимир Путин ІІМ (Ішкі істер министрлігі), ТЖМ (Төтенше жағдайлар министрлігі), Жазаны орындау федералды қызметі және Тергеу комитетінің 15 генералын қызметінен босатты.

Ресей басшысының аталған қаулысы РФ құқық туралы ақпарат порталында жарияланды.

Бұдан өзге РФ ТЖМ басшысының орынбасары Владлен Аксенов, РФ Томск облысы бойынша ТЖМ Бас басқармасы басшысы Михаил Бегун, РФ Ханты-Мансийск автономиялық округі Тергеу комитеті тергеу басқармасы жетекшісі Анвар Ахмедзянов, Приморск аймағы прокуроры Сергей Бессчастный қызметтерінен босатылды.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз