Астанада көмірді қайдан сатып алуға болады?

0
114

Елордада көмір сататын 7 негізгі орын бар. Ондағы қатты отынның жалпы қоры 15 мың тоннадан көп.

17-25 тамыз аралығында Астанаға 90 вагон (6223 тонна) көмір келіп түсті.

Сонымен қатар, Шұбаркөлдегі бір тонна көмірдің құны 12500-14500 теңге болса, Қаражырада 14000 теңге. Ал, Майкөбе көмірінің тоннасы 12500 теңге.

Айта кетейік, «Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» көмір сатушылармен бағаны өсірмеу туралы меморандумға қол қойған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз