Н. Нығматулин елші Кэролин Браунды қабылдады

0
86
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин 22 желтоқсанда Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кэролин Браунды дипломатиялық мерзімінің аяқталуына байланысты қабылдады.
Н. Нығматулин К. Браун екі мемлекет арасындағы екіжақты, соның ішінде, парламентаралық қарым-қатынасты тереңдету жолында еселей еңбек еткенін, нәтижесінде Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестік қарқынды дамығанын атап өтті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Өз кезегінде Кэролин Браун Қазақстанда еңбек еткен 4 жыл өміріндегі ең елеулі кезеңдердің бірі екенін айтып, жалпы еңбек жолының Қазақстандағы елшілік қызметпен аяқталғанына ризалығын жеткізді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз