Эммануэль Макрон Назарбаевпен кездесуге үмітті

0
57

Франция президенті Эммануэль Макрон Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуге үміттенеді, деп хабарлайды CA-News.

Қазақстан Республикасының Елшісі Жан Ғалиев Елисей сарайында Француз
Республикасының Президенті Эммануэль Макронға сенім грамотасын табыстаған болатын.

Сенім грамотасын табыстау барысында елші ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Француз елінің басшысын Астанаға іс-сапармен шақырғанын жолдады.

Өз кезегінде Эммануэль Макрон Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы лебізін жолдап Қазақстан басшысымен кездесуге үміт білдірді.

Галиев екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарда 25 жылдан астам уақыт бойы өзара тиімді және сенімді ынтымақтастықты дамытып келе жатқанын және стратегиялық әріптестер екенін атап өтті.

Ол барлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге, оны жаңа сапалы мазмұнмен толтыруға қажетті күш жұмсалатынын қоса кетті.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз