Сирия қарулы оппозициясы Ресейді айыптады

0
66

Астанада аяқталған Сирия бойынша Астана процесінің 8 раундында қарулы оппозиция делегациясы өкілдері Ресейді айыптады, деп хабарлайды Kazaknews.kz.

Идлиб делегациясының басшысы және Фейлекюш капитаны Ясир Абдурахим Ресейді айыптап, наразылығын жеткізді. Абдурахимнің айтуынша, Ресей ұшақтары бейбіт тұрғындарды ұшақпен әлі де атқылап жатыр, нәтижесінде жазықсыз әйелдер мен балалар, кейуаналар құрбан болуда. Келіссөздер жүргізіліп жатқанымен, Ресей тарапынан мұндай сойқанның неліктен жалғасып жатқанын алға тартқан Абдурахим Башар Асад режимінің салдарын еш уақытта ұмытпайтындарын атап өтті. Абдурахим, тұтқындарды босату бірінші кезекте бейбіт келісімдердің нышаны болатындығын айтып, егер Ресей тұтқындарды осы негізде босатпаса, Сочидегі бейбіт келісімдер қалай өтпек деп сауал тастады.

Өз кезегінде процестің нәтижесін баяндаған қарулы оппозиция делегациясының басшысы Ахмет Тума нәтижелерге қанағаттанатындарын айтқанмен, тұтқындарды босату, мәйіттерді жеткізу, із-түссіз жоғалғандарды іздестіру шаралары бойынша нақты механизмдердің анықталмағанын алға тартты.

Аймақтардағы атыс-шабысты тоқтату режиміне қатысты пікір білдірген Тума, Башар Асад және оның одақтастары аймақтағы  Джебхат-ан Нусра одақтастары мен өзге де лаңкестік ұйымдарды себеп қылып,   өз міндеттерін орындамай отырғандарын атап өтті.

Бұдан өзге әскери оппозиция өкілдердің бірі Елмен әл-Азими Сирия үкіметіне наразылығын жеткізіп,   ДАИШ лаңкестік ұйымының режимі мен іскерлік бірлестіктерін карта арқылы көрсетті. Азимидің айтуынша, Сирия үкіметі Хама шығыс провинциясының Хунайфис аймағындағы 12 шақырымдық жолдан 800-ға тарта ДАИШ әскерлерінің аймаққа кіруіне және шығуына мүмкіндік беріп отыр.

Cабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз