Дамаск АҚШ пен Түркияға наразы

0
75

Дамаск АҚШ пен Түркиядан әскерлерін Сирия аумағынан дереу шығаруды талап етті. Бұл туралы 22 желтоқсанда Сирия бойынша Астана процесінде Сирия үкіметі делегациясының басшысы, Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Башар Джафаари мәлімдеді.

Бұл әскерлердің Сирия аумағынан ешқандай шартсыз дереу шығарылуын талап етеміз деп мәлімдеген Джафаари, Түркия әскерлерінің Сирия аумағында орналасуын агрессия ретінде қабылдайтындарын алға тартты.

АҚШ-тың Сирия аумағында әскерлерін орналастыру туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген Джафаари бұл Сирия егемендігіне қарсы агрессия және БҰҰ-ның жарғысына қайшы келетінін атап өтті.

Өз кезегінде Джафаари 29-30 қаңтар Сочиде өтетін Сирия ұлттық диалогы бойынша Конгрестің нәтижелі болуына Дамаск бар күш-жігерін салатынын айтты.

Еске салсақ, 22 желтоқсанда Сирия бойынша Астана процесінің нәтижесі мәлім болды. Түркия, Иран және Ресей кепіл елдердің бірлескен мәлімдемесін баян еткен ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов Сириядағы лаңкестікке қарсы  күрестегі жетістік, атап айтқанда ДАИШ-қа қарсы күрес және Сирия аумағын аталған лаңкестік ұйымнан босату нәтижелілігін атап өтті.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз