«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

0
93
дереккөзден
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ жаңа басқарма төрағасы болып Ахметжан Есміов тағайындалды.
primeminister.kz

23 желтоқсанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы – Ахметжан Есімовті таныстырды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

23 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ жаңа басқарама төрағасы таныстырған премьер-министр Ахметжан Есімовтің елге сіңірген еңбегін атап өтіп, мемлекеттік күрделі міндеттерді орындаудағы жоғары кәсіпқойлығы мен жауапкершілігін баса айтты.

Қысқа уақыттың ішінде А. Есімов «Экспо-2017» Халықаралық көрмесіне» тиімді дайындық пен оның табысты өтуін ұйымдастырды.

«Қордың алдында Мемлекет басшысының қойған өте маңызды, оның ішінде трансформациялау бағдарламасын одан әрі іске асыру бойынша міндеттері тұр», — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Үкімет басшысы жаңа басқарма төрағасы мен Қор ұжымына табыс тілеп, еліміздің Президенті белгілеген мақсат пен міндеттерге жету бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз