Түркиядағы президент сайлауында дауыс берушілердің бірі «өз дауысын» Ресей президенті Владимир Путинге берген. Бұл туралы жексенбіде Haberturk телеарнасы хабарлады.
Анталья провинциясының маңындағы Манавгат қаласындағы сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған жәшіктерді ашу барысында сайлау комиссиясының мүшелері Путиннің тегі жазылған бюллетенді тапқан. Путиннің тегінің жанында түрік сайлаушылары белгілейтін «evet” («иә») штампына белгі қойылған. Бюллетень жарамсыз деп танылды.
Телеарна таратқан ақпарға сәйкес, аталған аймақта Ердоған өзінің қарсыласы оппозициялық Халық-республикалық партиясының кандидаты Мухаррем Инджеге жол берген. Аталған сайлау учаскесінде Ердоған 111 дауыс жинаса, Индже 150 дауысты еншілеген.
Сафина Саид