Корей түбегі экономикалық жобаларды қалпына келтіреді

0
97
AP Photo / Korea Summit Press Poo

Оңтүстік Корея Солтүстік Кореямен экономикалық жобаларды қалпына келтіреді. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның ұлттық бірлестік істері бойынша министрлігі хабарлады деп жазады РИА Новости. 

Осы жұмада мемлекеттер арасындағы теміржол және автокөлік жолдарын қалпына келтіруге байланысты, сондай-ақ орман шаруашылығындағы ынтымақтастыққа қатысты келіссөздер өтеді.

Көлік мәселесіне қатысты қос тараптың іскер кездесулері 26-28 маусым күндері демилитаризацияланған аймақта өтеді, орман шаруашылығына байланысты кездесу 4 маусымда өтеді деп жоспарланған.

Теміржол, автокөлік және орман шаруашылығы саласы аясында өтетін келіссөздер арқылы біз Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы қарым-қатынастардың ұзақ мерзімді дамуына, Корей түбегіндегі берік бейбітшілікке негіз қалаймыз”, – деп хабарланады.


Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мен КХДР басшысы Ким Чен Ын 27 сәуірде Пханмунджом шекара бекетінде келіссөздердің алғашқы раундын өткізді. Қос тарап Сеулде консервативті әкімшілік басқарған жылдары үзілген ынтымақтастықты қайтадан қалпына келтіруге ниетті екендерін жариялады.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз