ҰБТ-дан республика бойынша орташа көрсеткіш – 83 балл

0
100
Рамазан Әлімқұлов.

Ұлттық біріңғай тестілеудің алғашқы үш күнінің нәтижесі бойынша Республикада орташа көрсеткіш 83 балды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш пайызға артқан. Бұл туралы Ұлттық біріңғай тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов мәлімдеді.

Биыл 60 мыңнан астам мектеп бітіруші түлек Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Алғашқы 3 күннің нәтижесі бойынша 8499 түлек межелі балды жинай алмады. Рамазан Әлімқұловтың мәлімдеуінше екі түлек өз еркімен тест тапсырудан бас тартты.

Ұлттық біріңғай тестілеу орталығының басшысы «Нақты Ұлттық бірыңғай тестілеуге кіргендердің саны – 58967, былтырғы нәтижемен салыстырғанда бір пайызға өсті. Шектік балды өткендердің саны – 50468. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1.5 пайызға өскен. 3 оқушының сынақ нәтижесі жойылды. Қазақстан бойынша орташа балл – 83. Салыстыра айтсақ, биылғы ҰБТ-ның алғашқы үш күніндегі орташа балының нәтижесі өткен жылға қарағанда үш пайызға өскен. Жоғары балл – 139, әлі ешкім ең жоғары 140 балды алған жоқ», дейді.


Айта кетейік, осы жылғы Ұлттық біріңғай тестілеудің ерекшеліктерінің бірі 46 түлек емтиханды ағылшын тілінде тапсыруға ниет білдірген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз